A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:00 0

18 қыркүйекте еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бүгін / Республика

18 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Синоптиктер тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, сырттағы уақытын жоспарлауды ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kzсайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, ҚМЖ Алматы мен Атырауда болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – желсіздік, әлсіз жел, тұман немесе ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, елді мекендердегі ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Мамандар ҚМЖ кезінде:

  1. далада, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге;
  2. балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуға;
  3. созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге;
  4. даладағы дене жүктемесін шектеуге, спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив