Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінен 1995 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті сүңгуірлері қазір 1968 жылы туған екінші ер адамды іздеп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
– Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қайықтар және басқа да жүзу құралы жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да іздеуге кіріскен, – делінген ақпаратта.
Фото: ШҚО ТЖД
Пікірлер