A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде «Нашақорлыққа жол жоқ!» жастар форумы өтті

Бүгін / Өскемен

Қалада жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» жастар форумы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараны облыс әкімдігі, білім басқармасы, облыстық прокуратура және полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға қаладағы колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастарға есірткінің зияны мен оның алдын алу жолдары туралы облыстық прокуратура, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Білім басқармасына қарасты психологиялық орталық мамандары және «Esbol Qory» қоғамдық қоры өкілдері ақпарат берді.

Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбековтің айтуынша, мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, есірткіге қарсы көзқарасын нығайту.

 

– Осы арқылы жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың есірткіге қарсы төзімділігін арттырғымыз келеді. Мұндай жұмыстар қала мен аудандарда тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Өскелең ұрпақ арасында нашақорлықтың алдын алып қана қоймай, оған қарсы мәдениет қалыптастыру басты міндеттердің бірі, – деді ол.

Полиция өкілінің сөзінше, қазір синтетикалық есірткі мәселесі өзекті болып отыр.

– Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу маңызды бағыттардың бірі. Есірткі заттарының ішінде синтетикалық түрлері кең таралған. Өткен жылдың қорытындысында 7 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Ал биылғы сегіз айда 100 келіден астам есірткі заты тәркіленіп отыр. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Осындай шаралар арқылы жастарға есірткінің зардабын түсіндіріп, олардың бұл жолға түсуінің алдын алуды көздейміз, – деді ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мәди Қалиақпаров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив