A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:00 0

Елде авиациялық отын өндіру қаншалықты артты

Бүгін / Республика

Қазіргі уақытта отандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықты бензинмен, дизель отынымен және авиациялық отынмен толық көлемде қамтамасыз етіп отыр ма? Бұл сұраққа Энергетика министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Ішкі нарықтың авиациялық отынға деген қажеттілігі де жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарының ресурстары есебінен қамтамасыз етіледі. 2026 жылы отандық зауыттарда шамамен 825 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, отандық мұнай өңдеу зауыттары өндірістік мүмкіндіктері мен нарық сұранысына сәйкес ішкі нарықты мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз етеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,7 млн тонна мұнай өнімі өндірілді. Оның ішінде 1,6 млн тонна бензин және шамамен 1,5 млн тонна дизель отыны бар.

- Қажетті жанар-жағармай материалдарының қоры қалыптастырылды, - деп аталып өткен Энергетика министрлігі мәліметінде.

Бұған дейін қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жыл сайын шамамен 750 мың тонна авиациялық отын өндіретіні хабарланды. Бұл көлем ішкі нарықтың сұранысын толық жабады. https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-sheteldk-aviaotinga-taueld-me-ministrlk-zhauabi-2de128a0

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2026 жылы авиаотынға деген жалпы қажеттілік 1,2 млн тоннаға бағаланып отыр. https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-sheteldk-aviaotinga-taueld-me-ministrlk-zhauabi-2de128a0

Оның ішінде шамамен 680 мың тоннасы ішкі нарыққа қажет болса, тағы 520 мың тоннасы транзиттік және жүк әуе тасымалдарына қызмет көрсету үшін қажет.

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары отандық азаматтық авиацияның қажеттілігін толық қамтамасыз ететіндіктен, қосымша импорт негізінен Астана мен Алматы әуежайлары арқылы өтетін халықаралық транзиттік рейстерге қызмет көрсету үшін қажет.

Еске салсақ, биыл маусым айында Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев авиаотынға қатысты мәселелерді толық шешуге мүмкіндік беретін мықты инфрақұрылым қалыптастыруды тапсырды

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив