453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Демалыс күндері ауа температурасы +32°С-қа дейін көтеріледі

Демалыс күндері ауа температурасы +32°С-қа дейін көтеріледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы біртіндеп тұрақтана бастайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив