Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметінше, облыстың батысы, шығысы және оңтүстігінде өрт қаупі әлі сақталады.
Мамандар қатты жел кезінде электр сымдары мен тербеліп тұрған заттарға жақындамауға шақырады.
Тұрғындарға үйлер мен аулалар маңында от жақпау және алғашқы өрт сөндіру құралдарын дайын ұстау ескертіледі. Өрт байқалғанда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.
Пікірлер