A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 16:05 0

Өскеменде «TourEast ALTAI KZ» фестивалі өтеді

Бүгін / Өскемен

26 қыркүйекте Сол жағалау саябағында туризм күнінне орай іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара қонақтарына арналған бағдарлама түрлі танымдық, мәдени және спорттық бағыттарды қамтиды.

Іскерлік алаң (09:00–11:30)

«Туризмді дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында конференциясы өтеді. Сарапшылар саланың өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылайды.

Басты сахна (11:30–15:00)

Аймақтың туризм саласындағы үздік өкілдерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. 

Туристік көрме (10:00–15:00)

Өңірдің туроператорлары, демалыс базалары, қонақүйлері өздерінің үздік ұсыныстары мен бағдарламаларын таныстырады. Қонақтар үшін отбасылық фотозона да жұмыс істейді.

Шеберлер қаласы (10:00–17:00) 

Қолөнершілер жәрмеңкесі және дәстүрлі қазақ және орыс тоқыма өнері, ши өру, «біз кесте» дәстүрлі кестелеу, ағаштан музыкалық аспаптар мен былғарыдан бұйымдар жасау бойынша практикалық шеберлік сабақтары өтеді.
Белсенді демалыс (10:30–15:00) 
                                
Туризм саласының мамандары шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар туристік жабдықтар жәрмеңкесі, кемпинг-лагерь, жергілікті жерде бағдарлау сабақтары мен жорыққа дайындық бойынша кеңестер ұйымдастырылады.

Жас турист (11:00–15:00)

Отбасылық квест өтеді.

Үйлесім оазисі (12:00–15:00)

Йога сабақтары, этномузыка сүйемелдеуімен би терапиясы, Катонқарағайдың балдан жасалған тағамдар мен шөп шайларының дегустациясы ұйымдастырылады.

Гастрономиялық аймақ (11:00–15:00)

Жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтіп, келушілерге түрлі тағам мен сусындар ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив