A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 12:05 0

Самар ауылында мердігерлер су жүйесін жаңғыртып үлгеріп жатыр ма?

Бүгін / Самар

Ауылдағы су құбыры желілерін реконструкциялау 2017 жылы «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Тимур Екібасовтың сөзінше, ауылдағы су құрылыстарын реконструкциялау жобасы толық жүзеге асырылды. Жоба 2020-2025 жылдар аралығында іске асты. Нысанның бас мердігері – «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС. 
– Техникалық және авторлық қадағалауды «Стройинтеграция» ЖШС және «Востокагропромпроект» ЖШС жүзеге асырды. Самар ауылындағы су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған. Кейін жұмыстар «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2020-2025 жылдары жалғастырылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «НКО» ЖШС орындады, – деді Тимур Екібасов. 
Анықталғандай, қазір ауылдағы су құбыры желісіне қосымша учаске салу жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа желінің жалпы ұзындығы - 6,4 шақырым. Ол диаметрі 160 миллиметр болатын екі құбыр желісінен тұрады.
– Бүгінде аталған учаскеде траншея қазу және құбыр төселетін жерге құм жастықшасын дайындау толық аяқталған. Нысанға 2 400 метр құбыр жеткізілді. Ұзындығы шамамен 6,4 шақырым болатын учаскеде құбырларды төсеу және дәнекерлеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды да «НКО» ЖШС атқаруда. Салынған жаңа учаскені қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне қосу жағын Самар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Самар» КМК жүзеге асырады, – деді бөлім басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив