A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 12:45 0

Самар ауылында 6,5 шақырым болатын жылу желісі қайта жаңғыртылып жатыр

Бүгін / Самар

Былтыр басталған жұмысты жауаптылар желтоқсанға дейін аяқтаймыз деп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Негізгі мақсат сол, аудан орталығындағы әлеуметтік және әкімшілік нысандарды, тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту. Жоба аясында жалпы ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылу желілерін қайта жаңғырту және сағатына 10 Гкал жылу өндіретін жаңа қазандық салу жоспарланған.

– Бұл жоба аудан орталығы тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. Ауылда 30 жылдан астам уақыт бойы орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі болған жоқ. Сондықтан жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының басталуы тұрғындар үшін көптен күткен жаңалық болды, – деді аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  деді Тимур Екібасов.

Қазір мердігер ұйым қажетті құрал-жабдықтар мен инженерлік материалдарды толық көлемде сатып алып, нысанға жеткізген. Жұмыс барысында ескі желілерді демонтаждау және жаңа желілерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, бірінші кезекте орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне әлеуметтік нысандар, көппәтерлі тұрғын үйлер және кәсіпкерлік нысандар қосылады.

– Жобаны іске асыру тозығы жеткен инженерлік коммуникацияларды жаңартып, жылумен қамту жүйесі сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй қоры мен ауылдағы кәсіпкерлік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге жағдай жасалады, – деді бөлім басшысы.

Мердігер Қайрат Ақботиннің сөзінше, жұмысты желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Нысанда 30 адам жұмыс істеп жатыр.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив