A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:15 0

«Самарда Қайыңды ауылы құрылады» – Серік Жеңісов

Бүгін / Самар

Аудандағы шағын ауылдардың кейбірінде бүгінде небәрі 40-50 үйден қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алайда қазір тұрғындар жаппай көшейін деп отырған жоқ. Аудан әкімі Серік Жеңісовтің айтуынша, алдағы уақытта халық сұранысына байланысты Қайыңды ауылын қайта құру жоспарланып отыр.

– Қазір көшіп кетеміз деп отырған тұрғындар жоқ. Алдағы 10-20 жылда да жаппай көшу мәселесі туындайды деп ойламаймын. Халық сұранысы бойынша Қайыңды ауылын қайта құру мәселесі көтерілді. Осы бағытта 1,5 жыл бойы тиісті жұмыстар жүргіздік. Қазір орман шаруашылығына тиесілі 38 гектар жер телімі аудан балансына берілді. Сол аумақта жаңа ауыл құрамыз, – деді Серік Жеңісов.

Аталған аумақта жаңа елді мекенді қалыптастыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив