A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:05 0

Зайсан көліне батқан екі адамның денесі табылды

Бүгін / Зайсан / Күршім

22 қыркүйек күні Күршім ауданына қарасты Балықшы ауылдық округінде екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар да қайықтарына мініп, іздеген.

Іздестірудің алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Іздестіру кезінде құтқарушылар 63 рет суға сүңгіген. Еске сала кетейік, осы айдың ортасында Зайсан көлінде екі балықшы қайығы аударылып, суға батып кеткен еді.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив