«Қорғау» деп аталатын жүйе көше камераларынан алынған ақпаратты талдап, іздеуде жүрген, төленбеген айыппұлы бар немесе іздеу хабарландыруларында көрсетілген көліктерді анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басталғалы жүйе дерекқорына 6523 көлік туралы ақпарат енгізілген. Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бұл деректер түрлі ақпарат көздерінен алынады. Сол ақпаратты патрульдік полиция қызметкерлері жол бойындағы тексеру кезінде пайдаланады.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде полиция 742 көлікті анықтап, ұстады. Олардың арасында жүргізуші куәлігі жоқ адамдар басқарған, мемлекеттік нөмірі жоқ, міндетті сақтандыруы болмаған және техникалық байқаудан өтпеген көліктер бар.
Сонымен қатар жүйе жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген көліктерді де анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері дерекқорға жалған нөмірмен жүрген 85 көлік және іздеуде болған 239 көлік туралы ақпарат енгізілген.
Пікірлер