A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:15 0

Нұрымбет Сақтағанов әкімдерге жылу желілеріндегі жөндеуді қазан бітпей аяқтауды тапсырды

Бүгін / ШҚО

Облыста 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдеріне жылу көздері мен желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі жылыту маусымына дайындық кезінде жауапкершілікке ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
– Қысқы жылыту маусымына дайындық жаман емес. Кез келген басқа мәселеге кешіріммен қарауға болады. Бірақ жылыту маусымындағы кез келген кемшілік кешірілмейтін жағдайға әкеледі. Соған басты назар аударыңыздар, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өңір басшысы қала және аудан әкімдіктеріне жылу көздері мен жылу желілеріндегі жөндеуді толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету үшін қажетті қорды дайындау жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.
– Жылыту маусымына 1 қарашаға дейін 100 пайыз дайындықты қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар облыстағы жылу көздері бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық паспорттарын 15 қазанға дейін аяқтау маңызды. Тұтынушылардың дебиторлық берешегін қайтару жұмыстарын күшейтіңіздер, – деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив