A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да қарттарға біржолғы ақшалай көмек берілмейді

Бүгін / ШҚО

Сонымен қатар Алматы қаласы, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында да мұндай төлемге жергілікті бюджеттен арнайы қаражат қарастырылмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ал Астана қаласы, Қарағанды және Түркістан облыстарында 150 мыңнан астам егде жастағы азаматқа біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Аталған мәлімет Baq.kz сайтында облыс әкімдіктері ұсынған жауапқа сәйкес жарияланған. Мәлім болғандай, төлем мөлшері мен оны алушылардың санаты әр өңірде әртүрлі.
Астанада жасына байланысты зейнетке шыққан барлық тұрғынға 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 10 812 теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Бұл қолдау шарасымен елордадағы 110 мыңнан астам зейнеткер қамтылады.
Қарағанды облысында 75 жасқа толған және одан асқан 43 405 тұрғынға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 625 теңгеден біржолғы көмек көрсетіледі. Осы мақсатқа өңірлік бюджеттен 938,6 млн теңге бөлінген.
Ал Түркістан облысында мерекеге орай үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 1 253 қартқа 5 АЕК көлемінде, яғни 21 625 теңгеден қаржылай көмек көрсету жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив