A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:50 0

Шығыс Қазақстан Қытаймен қандай меморандумға қол қойды?

Бүгін / ШҚО / Басты

25 қыркүйекте өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында облыс бойынша екі маңызды инвестициялық меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жобалардың бірі автокөлік пен арнайы техника өндірісін дамытуға бағытталса, екіншісі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салуды көздейді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов «Адырна» сайтына берген сұхбатында айтты. 

- Форумға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келіп қатысуы оның қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. Қазір әлемде болып жатқан түрлі оқиғаға байланысты форум өткізуде екі елдің бір-біріне деген сенімі, бір-бірін қолдауы үлкен мәнге ие, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Оның айтуынша, алғашқы меморандум облыста жеңіл автокөліктер, арнайы техника және қосалқы бөлшектер шығаратын ірі өндірістік кешен салуға қатысты. Ал екінші келісім қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуды көздейді. Әкімнің пікірінше, аталған жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті мамандар біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Аймақтың географиялық орналасуы да инвестициялық әріптестік үшін маңызды белгілердің бірі. 

- Біздің облыс екі алып мемлекетпен қатар орналасқан. 778 шақырым Ресей Федерациясымен шекаралас болса, 670 шақырым Қытай елімен шекаралас. Сондықтан да өңіріміздің осы елдермен инвестициялық қарым-қатынастың басым бөлігінде болуы – заңды, – деді облыс әкімі.

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, өңір кәсіпкерлері Еуропа елдерімен, соның ішінде АҚШ-пен де байланыс орнатып келеді.
Әкім жаңа инвестициялық жобалардың жергілікті тұрғындарға экономикалық тұрғыдан оң әсер ететінін жеткізді. Атап айтқанда, өндірістердің іске қосылуы салық түсімдерін арттырып, халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қытайлық LIXIANG компаниясы Қазақстанда автокөлік өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл жоба еліміздегі автомобиль жасау саласын дамытуға бағытталған инвестициялық бастамалардың бірі болмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив