A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:10 0

ШҚО-да қазан айында ауа райы қалай болады?

Бүгін / ШҚО

Ауа райы хабаршылары қазан айына арналған болжам ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, жауын-шашын мөлшері де көпжылдық көрсеткіштер шегінде болжанып отыр.
Айдың басы жылы болатын түрі бар. Алғашқы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы +15+25 градусқа дейін жылынады. Алайда бірінші онкүндік ортасында солтүстік циклонның келуімен республика аумағында жауын және қарлы жаңбыр күтіледі. 
Сонымен қатар жел күшейіп, екпіні секундына 15-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Елдің солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал. Арктикалық ауа массалары енуіне байланысты тұман, көктайғақ және үсік күтіледі.
Қазақстанның шығысы мен орталығында бірінші онкүндікте қысқа мерзімді суыту болады. Түнде ауа температурасы +1 градусқа дейін төмендеп, күндіз +6+8 градус жылы болады.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты елдің басым бөлігінде температура +15+20 градусқа дейін көтеріледі.
Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа температурасы құбылып тұрады. Жылы күндері ауа +16+23 градусқа дейін жылынса, суық күндері +3+8 градусқа дейін төмендейді. Түнде де +1+8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
– Жалпы, қазан айында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында және Абай облысында орташа айлық ауа температурасы климаттық норма шамасында болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық нормаға сәйкес болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив