A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да тікелей эфир арқылы деректерді ұрлаған ер адамға үкім шықты

Бүгін / ШҚО

Өскеменде интернет-алаяқтықпен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізіп, онлайн алаяқтық жасаған Ақтөбе облысы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Облыс прокуратурасы мәліметінше, тергеу барысында айыпталушы TikTok-тағы тікелей эфирлерді бақылап, онлайн ойын ойнайтын және Instagram желісіндегі парақшаларға шолу жасайтын адамдардың телефон нөмірлерін анықтаған. Ол аталған нөмірлерді WhatsApp желісінде тіркеген. Аккаунтқа кіру үшін қажетті растау коды нөмір иесінің телефонына келді. Тікелей эфирді бақылап отырған айыпталушы сол кодты өз телефонына енгізіп, басқа адамның WhatsApp аккаунтына қол жеткізген. Осыдан кейін ол аккаунт иесінің атын жамылып, оның таныстарынан қарызға ақша сұрады. Содан қаражатты өзінің банк шотына аударуды өтінген. Осылайша, айыпталушы бірнеше рет алаяқтық жасап, өзге адамдардың қаражатын иемденді.
Оның әрекетінен елдегі бірнеше облыс тұрғындарыы зардап шеккен көрінеді. Айыпталушы ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде бәс тігіп, құмар ойындар ойнауға жұмсаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа 19 адамның жеке шоттарына рұқсатсыз кіру арқылы жасалған 37 алаяқтық фактісі бойынша нақты әрі негізді дәлелдер ұсынды. Сот айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 3 және 4-тармақтары, сондай-ақ 205-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив