A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 11:05 0

ШҚО-да мал ұрлап бара ма деген күдікпен 1200-ден астам көлік тексерілген

Бүгін / ШҚО

Өңірде мал ұрлығының алдын алу және оның жолын кесуге бағытталған «Барьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Полицейлер жүргізген рейд кезінде шаруа қожалықтары мен жайылымдық учаскелер де тексерістен тыс қалмады. Өткен-кеткен көліктер тоқтатылды. Осы уақыт аралығында 1276 автокөлік, ет өнімдерін сатып алу және сату бойынша 158 нысан, сондай-ақ 369 шаруа қожалығы мен жайылымдық учаске қамтылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабына сәйкес 14 құқық бұзушылық анықталды. Оның алтауы Алтай ауданында, үшеуі Ұлан ауданында және екеуі Өскеменде тіркелген.
Облыстық Полиция департаменті өкілдері мал иелерін жануарларын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив