Өңірдегі Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, психотроптық заттарды сатумен айналысты деген күдікпен екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Олар «Қарасора» және «Өрмекшінің торы» операциялары аясында қолға түсті. Ұсталғандардың бірі шілде айында интернет арқылы жұмыс тапқан. Көп ұзамай оның қызметі заңсыз заттарды алу және ораумен байланысты болып шықты. Оған «жұмысы» үшін криптовалютамен ақша төленіп, ол оны банк шоттары арқылы ақшаға айналдырды.
Тінту кезінде полиция төрт пластикалық контейнер мен ұнтақ заттар салынған сыдырмалы пакет, скотч және үш электронды таразы тапты.
Сот-медициналық сараптама мәліметтері бойынша, шамамен 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асты.
Аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер