A+ A A-

talgatzhan 2 Бүгін, 15:00 0

Өскеменде мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі өтті

Бүгін / ШҚО

Мемлекеттік қызметшілер «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында өзара ой таластырып, үздіктерді анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыру, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ шешендік өнері мен өз ойын дәлелді жеткізу қабілетін жетілдіру.

Турнирге облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған 16 команда қатысты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, өзекті мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

Пікірсайыс барысында мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі, логикалық және сыни ойлау қабілеті, шешендік шеберлігі мен командалық жұмыс дағдылары сынға түсті.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы;

II орын – Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы;

III орын – Зайсан ауданының әкімдігі.

 

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Садырбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Айқымбеков, сондай-ақ Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының доценті А. Сейлхан қатысты.

Пікірсайыс турнирі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етіп, олардың жаңа идеялар мен бастамаларды талқылауына, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив