A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:10 0

Өскеменде көпқабатты үйлердің кейбірі жылыту маусымына дайын емес

Бүгін / Өскемен

Шаһарда жылыту маусымы 5 қазанда басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылыту жүйесіне қосу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. «Шығыс жылу» АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 2 қазандағы жағдай бойынша көппәтерлі тұрғын үй қорының 91,25 пайызы жылыту маусымына дайын болған.
– Техникалық тұрғыдан дайын емес ғимараттар тиісті техникалық талаптарды орындаған соң бірден жылыту жүйесіне қосылады, — деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Жылыту жүйесіне қосылу кестесі «Шығыс жылу» АҚ-ның ресми ukteplo.kz сайтында жарияланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив