A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:15 0

ШҚО-да есірткіге қатысты 700-ден астам граффити жойылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде полиция қызметкерлері жастармен, еріктілермен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, есірткіге қатысты граффитилерді жойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соңғы рейд барысында өңірлік Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Esbol Qory» қоғамдық қоры өкілдерімен, облыстық жастар ресурстық орталығымен және еріктілермен тізе қосып, қала көшелерін тексерді. Нәтижесінде 30-дан астам заңсыз белгілер анықталып, жойылды. 

Жыл басталғалы полицияның, жастардың және еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында аймақта есірткіні насихаттайтын 700-ден астам заңсыз белгілер мен QR кодтар жойылды. Бұл жұмыс «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғасып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив