A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 09:50 0

Өскеменде көлік тізгіндеген әйел жауапқа тартылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында полиция қызметкерлері автотұрақ аумағында қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Toyota Chaser маркалы көлігін басқарған әйел дрифт жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген. Сонымен қатар автотұрақтың жол жабынына зақым келтірді.

- Полиция қызметкерлері дереу шара қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық ретінде сараланды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Полицейлер жүргізушілерді қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтауға және өзгелерге қауіп төндіретін қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив