Аталған аумақта орналасқан балалар ойын алаңында жұмыстар басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, ойын алаңындағы кейбір нысан ауыстырылады. Сондай-ақ, жабдықтардың бір бөлігі жөнделген. Ойын алаңының іргетасы да ауыстырылады, бетон төселіп, тартан жабыны орнатылады.
Одан бөлек, аллеяға асфальт төселмек. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, жарықтандыру мәселесі де шешілмек. Қоршаулар жаңартылып, боялады.
Пікірлер