A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда күріш экспорты 25%-дан астам өсті

Бүгін / Республика

Қазақстанда биылғы қаңтар-тамыз айларында 145 мың тонна күріш өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында еліміздегі күріш өндірісінің көлемі 122,3 мың тоннаны құраған.

Биылғы қаңтар-шілде айларында ішкі нарықта 70,5 мың тонна күріш өткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға жоғары.

Осы кезеңде күріш экспорты да айтарлықтай өсті. Қаңтар-шілде айларында сыртқы нарықтарға жеткізілген күріш көлемі былтырғы 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, өсім 25,3%-ды құрады. Экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Қазақстан күрішін сатып алатын негізгі елдер қатарында Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан бар.

– 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспортының көлемі импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. Осы кезеңде күріш импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді, – делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Импорттық жеткізілімдер көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін, ал оның құны 9 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды.

Қазақстанға күріш жеткізетін негізгі елдер – Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив