10 қазан сағат 09:00-де Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында және «ДосНар» сауда орталығында жәрмеңкелер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы Марқакөл ауданының шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына ет, балық, сүт өнімдері, күнбағыс майы және басқа да тауар түрлерін ұсынбақ.
Пікірлер