Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
№9 бағыт қаладағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Сәуір айынан бастап «Марат М» ЖШС сатып алған 12 электробус қатынай бастады. Күн сайын желіге 10 электробус шығарылады, тағы екеуі резервте болады.
Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, электробустар жазғы маусымда жолаушылар тарапынан оң бағасын алды. №9 бағыт әуежайдан қала орталығына және одан әрі қажетті аудандарға жетуге мүмкіндік береді. Бұл қала тұрғындарымен қатар, қонақтар мен туристер үшін де қолайлы
«Марат М» ЖШС өкілдерінің айтуынша, көліктер Өскеменнің климаттық жағдайына бейімделген. Тасымалдаушылар алдағы уақытта қосымша электробустар сатып алуға дайын екенін де білдірді. Дегенмен әзірге олардың нақты саны мен сатып алу мерзімі белгіленбеді.
Пікірлер