A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 16:00 0

Елімізде бір айдың ішінде 100-ден аса жемқор 3,7 млрд теңгені жымқырған

Бүгін / Республика

Қазіргі таңда 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, 78-і сотқа жолданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, Қазақстанда өткен қыркүйек айында 100-ден аса жемқордың 3,7 млрд теңгені жымқырып үлгергені анықталды. Барлығы 106 сыбайлас жемқорлық ісі анықталған.

- Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді, – делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив