A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 15:30 0

ШҚО-да ертең қар жауады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» мәліметінше, 8 қазанға қараған түні облыстың шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің шығысы мен таулы аудандарында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі және оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Өскеменде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Дауылды ескерту туралы жедел ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив