A+ A A-

talgatzhan 52 Бүгін, 16:35 0

ШҚО жүргізушілеріне қолайсыз ауа райында жолда сақ болу ескертілді

Бүгін / ШҚО

Күздің басталуымен жолдарда жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі жиілеп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, көлік жүргізушілері жылдамдықты ауа райы мен жол жағдайына қарай таңдауы, арақашықтықты сақтауы қажет. 
- Көлік тізгінінде мұқият болыңыздар. Ауа райы бұзылғанда тәуекелге бармаңыздар. Жылдамдықты төмендеткен дұрыс. Жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушіден басталады, – делінген ақпаратта. 
Полиция жүргізушілерді ауа райы күрделенген жағдайда жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, асықпауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив