Биыл қыркүйек айында елде тұрғын үйді сату мен сатып алу бойынша 35 406 мәміле тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз. Ал облыстағы жер үйлерге сұраныс керісінше, артқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен айда көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге қатысты 27 096 мәміле тіркелді. Бұл тұрғын үй нарығындағы барлық мәміленің 76,5%-ы. Тамыз айымен салыстырғанда көрсеткіш 2,2%-ға, яғни 623 мәмілеге төмендеген.
Ал жер үйлер нарығында керісінше өсім байқалды. Қыркүйекте мұндай үйлерді сату мен сатып алу бойынша 8 310 мәміле тіркеліп, бұл тамыз айындағы көрсеткіштен 2,7%-ға немесе 222 мәмілеге артқан.
Жер үйлерге қатысты мәмілелер санының ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында (22,4%), Түркістан облысында (18,3%) және Шығыс Қазақстан облысында (16,6%) тіркелді.
Пікірлер