A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 16:30 0

ШҚО тұрғындарының 55,3 пайызы сот жүйесін жемқорлық жайлаған сала деп санайды

Бүгін / ШҚО

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтерде өңір халқының әр сала өкілдеріне деген сенімі көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан өңірлер арасында үшінші орында тұр. Ал көш басында Маңғыстау облысы (65,7 пайыз) болса, екінші орында Абай облысы (64,1 пайыз).
Салыстырмалы түрде алғанда, өңірде сот жүйесін сыбайлас жемқорлық жайлаған сала деп санайтындар үлесі 2025 жылы 18,1 пайыз, ал 2024 жылы 9,1 пайыз болған.
Ресми деректерге сәйкес, аймақ тұрғындарының 2,9 пайызы сот жүйесінен қорқады. Алайда өткен жылғы көрсеткіш мәтінде көрсетілмеген. Ал 2024 жылы бұл үлес 35,2 пайыз болған.
Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы (55,7 пайыз) алда тұр. Одан кейін Ұлытау облысы (31,5 пайыз) мен Түркістан облысы (19,5 пайыз) орналасқан.
Өңір тұрғындарының 25,2 пайызы сот жүйесінің кәсібилігіне күмәнмен қарайды. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 10,2 пайызды, ал 2024 жылы 1,7 пайыз болған. 
Өңірлер арасындағы көрсеткіштерге келсек, Түркістан облысында сот жүйесінің кәсібилігіне күмәнданатындар үлесі 69,8 пайызға жеткен. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 56,9 пайыз болса, Ақмола облысында 50,1 пайыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив