A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:35 0

Өскеменде жасөспірімді пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Оқиға 12 қазан күні Гагарин бульварінің №22 үй ауласында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зардап шеккен тұрғынның анасы бейтаныс адамның ұлын пышақпен қорқытып, телефонын тартып алуға тырысқанын айтты. Бірнеше рет ұрып жіберген көрінеді.
Балаға жолда өтіп бара жатқандар көмектескен. Кейін ер адамның сол жерден қашып кеткені белгілі болды. Оқиға орнына жеткен полиция өкілдері күдіктіні ұстады.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Күдіктіні анықтадық. Қазір қажеті тергеу шаралары жүргізілуде, – делінген мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив