Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлау дерегі ашылды. Келтірілген шығын көлемі 240 мың теңге, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Бекет» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Ұлан ауданы жағынан келе жатқан көлікті тоқтатқан. Жүк салғыштан тиісті құжаттарсыз тасымалданған екі бас ұсақ мал табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Пікірлер