Белгілі болгандай, науқастардың 60 пайызы – ер адамдар, ал 40 пайызы әйелдер, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша екінші жыл қатарынан бірінші орында, ал оны анықтау бойынша төртінші орында тұр.
Бірнеше жылдан бері адамның иммун тапшылығы вирусының жыныстық жолмен берілуі 70 пайызға жеткен. Науқастардың жасы 39-49 жас аралығында екен. Облыстық ЖИТС орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кеніспекованың айтуынша, биыл Өскеменде науқас саны 69 пайызға жетті. Екінші орында Алтай ауданы тұр (15 пайыз). Сондай-ақ ауру жұқтырғандар Риддер қаласында, Шемонаиха және Глубокое аудандарында да анықталған.
Өңірде барлығы 3176 адам АИТВ инфекциясымен есепте тұр, оның 32-сі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Дертке шалдыққандардың 91 пайызы ем алып жатыр. Ал инфекция жұқтырғанын мойындағысы келмейтін адамдармен психолог мамандар жұмыс істейді.
Айта кетейік, биыл облыста балалар арасында АИТВ инфекциясы анықталған жоқ.
Пікірлер