443.62 492.24 5.36
A+ A A-

Жұма күні 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жұма күні 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 қарашада елдің 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Атырау облысыныңбатысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда13 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, ал түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғандада 13 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Қарағанды облысыныңсолтүстігінде, шығысында көктайғақ, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда13 қарашада түнде көктайғақ болады, сондай-ақ түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Алматы облысыныңоңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.Алматыда 13 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Қонаевта13 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Маңғыстау облысындаоңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда13 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысыныңсолтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Жетісу облысыныңсолтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 13 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Өскеменде13 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтөбеде13 қарашада көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қызылорда облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада13 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түркістан облысыныңбатысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шымкентте және Түркістанда13-14 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Павлодар облысыныңоңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда13 қарашада тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Ақмола облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив