443.62 492.24 5.36
A+ A A-

2027 жылы дәстүрлі ҰБТ жүйесі сақталады - Саясат Нұрбек

2027 жылы дәстүрлі ҰБТ жүйесі сақталады - Саясат Нұрбек [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Келер жылдағы ҰБТ жүйесі өзгермейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Алдағы уақытта ҰБТ бойынша қосымша ақпарат беретін боламыз. Келесі жылдан бастап жаңадан пысықталған тест — AIT (Admission Insight Test) деген тест пилоттық форматта іске қосылады, - деді С. Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда министр 2027 жылы елде дәстүрлі ҰБТ сақталатынын нақтылады.
- Жаңа тест тек пилоттық жоба ретінде ғана енгізіледі. Сондықтан бұл тақырыпта дүрбелең жасап керек емес, яғни министрліктің ресми ақпаратына назар аударған жөн, - деді ведомство басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа форматтағы тест тапсырмалары әлі әзірленіп жатыр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив