443.62 492.24 5.36
A+ A A-

Өскеменде баласының әрекеті үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өскеменде баласының әрекеті үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қаладағы дәмханалардың біріне келгендер бір топ оқушының дөрекі әрекетіне шағымданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған балалар дәмханада ересектердің қарауынсыз отырды. Олар өзге келушілерге су шашып, кейін өзара төбелес шығарған. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалды.
– Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Онымен және заңды өкілімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив