444.4 488.97 5.39
A+ A A-

Есірткі таратушыларды ұстауға көмектескен ШҚО тұрғындары млн теңгеден астам сыйақы алды

Есірткі таратушыларды ұстауға көмектескен ШҚО тұрғындары млн теңгеден астам сыйақы алды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыста азаматтардың қырағылығы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімді құралына айналып келеді. Құқық қорғау органдарына нақты ақпарат берген тұрғындарға ақшалай сыйақы төленіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өңір тұрғындары есірткі сатушыларды анықтауға көмектескен шынайы ақпараттары үшін миллион теңгеден астам сыйақы алған.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға берілетін дәстүрлі сыйақыдан айырмашылығы, есірткі қылмыстарына қатысты төлем мөлшері өзге тәртіппен белгіленеді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық деректері бойынша сыйақы пара немесе мемлекетке келтірілген залал көлеміне байланысты болса (әдеттегі істерде 30-дан 100 АЕК-ке дейін, ал аса ірі көлемдегі жымқыру деректері бойынша соманың 10 пайызы, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды), есірткіге қарсы күресте әр жағдай жеке қарастырылады.

Бүгінде облыста «STOP есірткі!» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында сыйақы көлемі ұсынылған ақпараттың маңыздылығы мен тәркіленген тыйым салынған заттардың мөлшеріне қарай белгіленеді.

Өскемендегі оқиғалар да сыйақы көлемінің тәркіленген есірткі партиясына байланысты екенін көрсетеді. Мәселен, 60 грамм синтетикалық есірткімен ер адамды ұстауға мүмкіндік берген ақпарат үшін қала тұрғынына 305 мың теңге төленді. Ал тағы бір өскемендік 1 келіден астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюға көмектескен. Нәтижесінде жыл басынан бері осы екі дерек бойынша төленген сыйақының жалпы көлемі млн теңгеден асқан.

– «STOP есірткі!» пилоттық жобасы аясында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге ықпал ететін шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы қарастырылған. Оның мөлшері ұсынылған мәліметтер мен олардың маңыздылығына қарай белгіленеді. Бұл ретте ақпараттың шынайылығы міндетті түрде расталуы керек. Азаматтар есірткі тарату, есірткі жасырынатын орындарды ұйымдастыру, есірткі зертханалары орналасуы мүмкін жерлер, интернет-дүкендер, есірткі жарнамасы мен QR-кодтардың таралуы туралы хабарлай алады. Уақтылы берілген бір ғана ақпарат есірткі саудасының жолын кесіп, жастардың заңсыз айналымға тартылуының алдын алуы мүмкін, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір құқық қорғау органдарына ақпаратты бірнеше жолмен, соның ішінде құпия түрде жеткізуге болады:

• «Clean Streets» мобильді қосымшасы арқылы. Сервис есірткі жасырылған орындардың, есірткі жарнамасы бар жазулардың немесе күмәнді нысандардың фотосуреттері мен нақты геолокациясын анонимді түрде жіберуге мүмкіндік береді;

• «102» жедел арнасы арқылы. Аула, кіреберіс немесе саябақ аумағында белгісіз адамдардың түйіншектерді қалдырып немесе іздеп жүргенін байқасаңыз, хабарлауға болады;

• ШҚО прокуратурасының сенім телефондары арқылы: 14 68 немесе 8 (771) 659-53-22.
Құқық қорғау органдары хабарламаны жедел тексеру үшін оқиғаның нақты уақыты мен орнын, күдіктінің сыртқы белгілерін, қай бағытқа кеткенін, пайдаланылған көліктің маркасын, түсін және мемлекеттік нөмірін көрсетуді ұсынады.

Сонымен қатар полиция тұрғындардан күдіктілерді өз бетінше ұстауға әрекет жасамауды және олармен жанжалдаспауды қатаң ескертеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив