444.4 488.97 5.39
A+ A A-

ШҚО-да алдағы күндері аяз болады

ШҚО-да алдағы күндері аяз болады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

17-19 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қазгидромет синоптиктер желдің күшеюі, тұман және түнгі уақытта −18 градусқа дейін аяз болатынын ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Болжамға сенсек, кең ауқымды жоғары қысым аймағы еліміздің шығысына қарай жылжиды. Оның әсерінен Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Алайда антициклонның орнын солтүстік циклонның терең жырасы басып, алдағы күндері ауа райы жағдайын нашарлатады. Республика бойынша жел күшейеді. 

Түнгі уақытта елдің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Қазақстанның орталығында, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аудандарында ауа температурасы −13…−18°С-қа дейін төмендейді.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысы мен шығысында +5…+10°С-қа дейін дейін көтеріледі. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив