«Әділет» партиясының Өскемен қалалық филиалының бастауыш партия ұйымы теміржол саласының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының 28 қазанда жарияланған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Теміржол саласын дамыту, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жолдауда 2027 жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісін пайдалануға беру жоспарланғаны атап өтілді. Бұл жоба Қытай бағытындағы жүк тасымалының өткізу қабілетін 20 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа көлік дәліздерін дамыту, теміржол инфрақұрылымын жаңарту және халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру міндеттері белгіленді.
«Әділет» партиясы еліміздің стратегиялық даму бағыттарын халыққа түсіндіру, еңбек ұжымдарымен ашық диалог орнату және азаматтардың ұсыныстарын тыңдау мақсатында түрлі сала өкілдерімен кездесулер өткізуді жалғастыруда. Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттердің теміржол саласының дамуына, экономиканың нығаюына және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға қосатын үлесі атап өтілді.
Пікірлер