«Әділет» партиясының №9 бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтары, азаматтардың табысын арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және экономиканы цифрландыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Әсіресе, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру бастамасына ерекше назар аударылды. Аталған өзгеріс шамамен 1,8 миллион азаматтың табысына оң әсер етіп, халықтың сатып алу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологияларын түрлі салаларға енгізу және цифрлық экономиканы дамыту бағыттары сөз болды. Қатысушыларға цифрландырудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және азаматтар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер қалыптастыру екені түсіндірілді.
Кездесу барысында Жолдауда белгіленген бастамалардың нақты нәтижеге бағытталғаны, ең бастысы, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге негіз болатыны атап өтілді.
Пікірлер