«Әділет» партиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының «КГКП «Авиационное подразделение ВКО» ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Кездесуде көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, өңірлер арасындағы байланысты нығайту, авиация саласының әлеуетін арттыру және мәдени мұраны сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Жолдауда белгіленген инфрақұрылымды жаңғырту, көлік қатынасын жетілдіру және цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі міндеттердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы атап өтілді. Өңірдің географиялық ерекшелігін ескерсек, авиация саласын дамыту тұрғындардың қолжетімді әрі сапалы көлік қызметін пайдалануына, шалғай елді мекендермен байланысты жақсартуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында авиабөлім қызметкерлері де өз ұсыныстарын ортаға салып, көлік инфрақұрылымын дамыту мен мәдени мұраны сақтау бағытындағы өзекті мәселелерді көтерді.
Жиын қорытындысында Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыруда әр саланың, соның ішінде авиация қызметкерлерінің де өзіндік үлесі бар екені айтылды.
Пікірлер