458.13 502.29 5.58
A+ A A-

Президент Жолдауының басым бағыттары ауыл мектебінің ұжымымен талқыланды

Президент Жолдауының басым бағыттары ауыл мектебінің ұжымымен талқыланды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Марқакөл ауданының Жаңаауыл негізгі орта мектебінде ұжыммен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының негізгі басымдықтары, әсіресе ауылдық аумақтарды дамыту, білім беру сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту, ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттердің ауылдық елді мекендердің дамуына, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қосатын үлесі сөз болды.

Жиын барысында ауыл мектебінің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, білім саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылды. Кездесу қорытындысында Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім беру саласының маңызы зор екені және ауыл мектептерін дамыту ел болашағына салынған инвестиция екені атап өтілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив