Риддер қаласында «ӨЭСКА» АҚ еңбек ұжымымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен ел дамуының стратегиялық басымдықтары кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда, экономиканы дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне назар аударылды. Кездесуде энергетика саласының ел экономикасындағы маңызына ерекше тоқталды. Электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету, энергетикалық нысандардың сенімді жұмысын сақтау және инфрақұрылымды жаңарту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екені атап өтілді.
Сонымен қатар еңбек адамдарының жағдайын жақсарту, кәсіби мамандарды қолдау және өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де қозғалды. Кездесу соңында ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіруге және еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатуға бағытталған.
Пікірлер