458.13 502.29 5.58
A+ A A-

«Әділет» партиясы Өскемендегі медицина қызметкерлерімен Президент Жолдауын талқылады

«Әділет» партиясы Өскемендегі медицина қызметкерлерімен Президент Жолдауын талқылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемен қаласында «Әділет» партиясының өкілд денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынның негізгі тақырыбы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында қатысушыларға Президент Жолдауының негізгі ережелері, ел дамуының басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері түсіндірілді. Әсіресе денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, саланы цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және медицина қызметкерлерінің кәсіби дамуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Партия өкілдері денсаулық сақтау саласын дамыту әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сапалы медициналық көмек көрсету, медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және білікті мамандарды қолдау халықтың өмір сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар кездесуде медицина қызметкерлерінің тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеру, саланың өзекті мәселелерін шешу және белгіленген міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды.

Жиын соңында медицина саласының өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіруге және өңір тұрғындарымен тұрақты кері байланыс орнатуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив