Республикалық турнирге Қазақстанның әр түкпірінен 20 команда қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Арқан тартыстан ашық республикалық турнир Астана қаласында өтті. Ұйымдастырушылар сөзінше, жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен 20 команда қатысты.
Қазір арқан тартудан ел құрамасы әлемдік деңгейде үздіктер қатарында. Ал республикада шығықазақстандық жігіттер де, бұрымдылар да әркез жүлдеден үмітті. Қыркүйек айында өткен Көшпенділер ойыны – соның бір дәлелі.
Облыс атынан қатысқан «Ұлан» әйелдер командасының құрамында ШҚО ТЖД №10 ӨСБ радиотелефоншысы Жұпар Жанбуршина, сондай-ақ ШҚО ТЖД қорғалған байланыс тобының бас маманы Назгүл Тұрсынбекқызы өз мүмкіндігін байқады.
– Қыздар өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін көрсетіп 3-орынды иеленді. Арқан тартыс – батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты көрсететін ұлттық ойындардың бірі, – делінген Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратта.
Пікірлер