A+ A A-

talgatzhan 49 29-11-2024, 12:10 0

Самар ауданында жаңартылған дәрігерлік амбулатория ашылды

Бүгін / Самар

Самар ауданындағы Бастаушы ауылында күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Жаңартылған нысан өз жұмысын қайта бастап, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуге барынша қолайлы жағдай жасамақ. 

Заманауи медициналық құралдармен  жабдықталған амбулатория енді күндізгі стационар жағдайындағы емдеу мен вакцинациялау қызметін ұсынады. Ауыл тұрғындары қалаға бармай-ақ, қажетті медициналық көмек ала алады. Сондай-ақ амбулаторияда жалпы тәжірбиелік дәрігер мен екі орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 

Нысанның ашылу рәсіміне Самар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Майкенев, Бастаушы ауылының ардагерлері, Самар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. 

Амбулаторияның жөндеуден өтуі – ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған тағы бір маңызды қадам. Бұл жергілікті тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға өз үлесін қосады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив