453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Катонқарағайда мас күйде көлік айдаған жүргізуші қамауға алынды

Катонқарағайда мас күйде көлік айдаған жүргізуші қамауға алынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

24 қазанда сағат 22:00 шамасында азамат А. алкоголдік масаң күйде көлікпен келе жатып, жол белгілерін қағып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, оның көлік құралдарын басқару құқығы болмаған. 

-Тәртіп бұзушы өз кінәсін мойндады. Оның жасаған әрекеті масаң күйде болғаны  туралы сот сараптама қорытындысымен және ЖКО-ның сызбасымен дәлелденді. Сот шешімімен азамат А. ӘҚБК-нің 608-бабы 6-бөлігіне сай кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды, - делінген мәліметте. 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив