1956 жылы пайдалануға берілген Риддер ЖЭО бүгінде 50 мыңға жуық тұрғынды жылумен қамтамасыз етеді. 2024 жылдың басында жабдықтар 57,7% құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Риддер ЖЭО «қызыл аймақта» қалған 19 жылу көздерінің тізбесіне кіреді. Осындай нысандарды шұғыл жаңғыртуды биылғы жылдың ақпан айында өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет Басшысы Үкіметке міндеттеді.
Бүгінгі таңда 5 қазандық агрегатын жөндеу аяқталды, жұмыста 4 қазандық агрегаты бар (СТ.№ 1, 2, 3, 6), №4 ст. қазандық агрегатында іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №5 қазандық жұмыстары аяқталу сатысында, аяқталғаннан кейін резервке ауыстырылады. Жылу желілері бойынша жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Риддер қаласында жылыту маусымы алдын ала басталды, жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Пікірлер